Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаю кепілі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді стратегиялық басымдық ретінде атап өтті. Соның нәтижесінде елімізде жүйелі профилактикалық жұмыстардың арқасында қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеуде.
2025 жылдың алғашқы үш айында құқық бұзушылық саны 35 320-дан 33 279-ға дейін азайып, 5,8%-ға төмендеді.
Негізгі көрсеткіштер:
- Ұрлық – 29,3%-ға азайды
- Бұзақылық – 32,6%-ға
- Мал ұрлығы – 27,6%-ға
- Онша ауыр емес қылмыстар – 11,9%-ға
- Аса ауыр қылмыстар – екі есеге қысқарды
Алайда, кейбір өңірлерде қылмыс өсімі тіркелді:
- Шымкент қаласы – 25,8%
- Жамбыл облысы – 21%
- Ұлытау облысы – 13,6%
- Ақмола, БҚО, Қостанай облыстары – орташа өсім
Бұл өңірлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет.
Алаяқтықпен күрес:
- Қылмыс 3,9%-ға төмендеді
- Залал көлемі – 41,4 млрд теңге (2024 ж. – 93,7 млрд тг)
- 11,7 млрд теңге өтелді
Есірткі қылмысына қарсы күрес:
- Анықталған қылмыс – 14%-ға өсті
- Сату фактілері – 13%-ға артты
- 1,5 мың іс сотқа жолданды
- 3,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді
- 12 мыңнан астам банк шоты бұғатталды
- 2,1 млрд теңге есірткі кірісі анықталды
- 5 млрд теңге мүлік пен 6 млн АҚШ долларына тең криптовалюта тәркіленді
Қорытынды: Профилактика – бұл формалдылық емес, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты және нәтижелі шаралар жүйесі.