Қамқоршылық кеңес хаттамалары

 

 


2026 оқу жылы

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және мектептің әлеуметтік серіктестері!

2024–2026 жылдарға бекітілген Қамқоршылық кеңесінің өкілеттік мерзімі ағымдағы жылдың қазан айында аяқталуына байланысты, мектебімізде Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын тарату және қайта жасақтау (іріктеу) жұмыстары басталатынын хабарлаймыз.

 

Алдағы 3 жылға (2026–2029 жж.) Қамқоршылық кеңесінің құрамына мүше болуға ниет білдірушілерді қайта тағайындалуға шақырамыз.

 

Қосымша шарттар мен талаптар:

Өтініш беру мерзімі:

Өтініштер мектеп директорының атына 2026 жылдың 26 қазанына дейін қабылданады.

 

Талап етілетін құжаттар тізімі:

Мектеп директорының атына жазылған еркін нысандағы өтініш;

Үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;

Түйіндеме  немесе атқарып жүрген жұмысы туралы қысқаша мәлімет;

Наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы анықтама;

Психиатриялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы анықтама;

Соттылығының жоқ  екендігі туралы анықтама.

 

Негізгі критерийлер мен міндеттер:

Қамқоршылық кеңесінің құрамына мектеп өміріне белсене араласатын, білім ошағының дамуына үлес қосуға дайын ата-аналар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, кәсіпкерлер мен демеушілер қабылданады.

Кеңес мүшелері мектептің қаржылық-шаруашылық қызметіне жәрдемдесу, оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына қоғамдық бақылау жасау жұмыстарына қатысады.

 

Қорытындылау:

Жаңа құрамға іріктеліп алынған мүшелердің тізімі мектептің ресми сайтында және ата-аналар чаттарында қосымша жарияланады.

 

💡 Маңызды: Мектептің болашағы мен балаларымыздың игілігі үшін ортақ іске атсалысып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз!

 

 


 

Хаттам №1

2026-2027 оқу жылындағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары

Астана қаласы әкімдігінің Ақселеу Сейдімбек ШЖҚ №54 мектеп-лицейі МҚК Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Қамқоршылық кеңес хаттама 1-3

Хаттама №4

Жоспар


2024-2025 оқу жылы

Хаттама №1
Хаттама №2
Қамқоршылық кеңес 24-25


2023-2024 оқу жылы

Хаттама №1
Хаттама №2
Хабарландыру

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа