ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2023 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамыз аралығында 2023-2024 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.
• Мектепке құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғаларының ЭЦП кілті арқылы жүзеге асырылады.
1. Қабылдауға қажетті құжаттар:
фото 3*4 (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен
баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы
денсаулық паспортының мөр қойылған беттерінің сканерленген нұсқасы (порталдың ішінде нұсқаулықта көрсетілген)
2. Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар хатшының кабинетіне тапсырылу қажет. (туу туралы куәліктің көшірмесі, 2 дана фото 3*4 ақ жейдемен файлға салынған)
3. Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері 09:00-17:00, түскі үзіліс 13:00-14:00
!!! Ескерту !!!
1. Өтініш беру үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілдері мектепке жеке куәлігімен келуі керек
2. egov.kz порталы өзіңіздің ЭЦП кілттеріңіз арқылы жүзеге асырылады.