Қыз балаларға арналған мамандықтар

Қыз балалардың болмысы нәзік әрі әдемі! Арулардың жаны ауыр сөздерге арналмағаны сияқты, ауыр жұмыстар да оларға қиындық әкеледі.

Мамандық таңдауда ойланып жүрген аруларға көмекші болсын деген ниетпен, біз сол әдемі әлемге сай келетін бірнеше мамандық түрлерін тізіп көрдік.

?Аудармашы. Бірнеше тіл білетін қыздар қиналмай-ақ осы мамандықты таңдай алады.

?Туризм менеджері. Жылдан-жылға шетелге шығып демалатын отандастарымыздың саны көбеюде. Байқасаңыз, туризм саласында көбіне жастар жұмыс істейді. Еңбек жолын осы саладан бастасаңыз болады.

?Стилист-косметолог, визажист, сұлулық салонының қызметкері. Сурет салуға бейім, бояуды ұнататын, талғамы жоғары қыздарға арналған мамандық.

?Аспансерік, яғни «стюардесса» мамандығы. Бірнеше сағаттық жолда жолаушыларға қызмет көрсетіп, әр адамды назарынан тыс қалдырмайтын жолсерік мамандығы үлкен сұранысқа ие.

?Дизайнер. Бұл мамандық ауадай қажет. Әр үйдің әрін ашатын дизайнерлер жоғары бағаланады.

?PR менеджер. Олар тауардың халық арасында таралуына жауап береді.  Стюардесса. Бұл мамандыққа жасы 35-ке дейінгі, киім өлшемі 46-ға дейінгі, бойы 160-175 см болатын, ағылшын тілін білетін, әдемі қыздарды таңдайды.

?Тігінші. Олар қаржыны жақсы табады деуге болады. Тек жұмысыңызға шығармашылықпен келіңіз.

?Шаштараз. Олар үйде отырып-ақ көрші-көлемнің шашын қиып, ақша таба алады.

?Фотограф. Кәсіби, дарынды фотографтар әрқашан сұранысқа ие.  Банк қызметкері. Мансапты көздесеңіз, банкке барыңыз.

?Фитнес тренері. Арулар өз сұлулығынан ештеңе аямайды. Сондықтан фитнес тренері әрдайым сұраныста.

?Хатшы. Компанияның барлық құжаты хатшының қолынан өтеді. Екінші сөзбен айтқанда, ол – директордың оң қолы.

?Дәрігер. Дәрігерлер адамның басты байлығы – денсаулыққа жауап беретіндіктен, әрдайым жоғары тұрады. Табысы да қомақты.

?Бухгалтер. Бұл мамандыққа математиканы жаны сүйетін қыздардың барғаны жөн. Бастысы – өз салаңызды сүйіңіз, оған бар ынтаңызды беріңіз. Сол кезде жұмыстан шаршамай, артық уайымсыз жүресіз. Сіз бұл тізімді қалай толықтырар едіңіз?

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа