Әлемдегі ең әдемі мектептер

Әлемдегі түрлі мектептердің өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Бүгін сіздерге ең әдемі, ерекше мектептер туралы айтамыз.

 (Orestad Gymnasium) Данияның, Копенгаген қаласында орналасқан бұл мектеп журналист боламын дейтін оқушыларға арналған. 2007 жылдан бері мектептің ішкі құрылысы әлемдегі ең әдемі мектептердің үздік бестігіне енеді. Аталған мектеп ұлттық білім беру саласының негізінде құрылған. Мектептің ішкі және сыртқы құрылыс жобасымен даттық 3XN Architecs компаниясы айналысқан.

 (Marcel Sembat High School) Францияның Соттевиль-ле-Руан қаласында орналасқан. Бұл мектептің ерекшелігі суреттен көріп тұрғандай жасыл алқаппен көмкерілген. Себебі мұнда әлсіз әрі денсаулығы сыр беретін оқушылар білім алады. Олардың тыныс алуы үшін демекпелері ұстап қалмауы үшін арнайы жасалған білім ордасы. Мектептің құрылысы алты бөліктен тұрады. Әр бөліктің өзіне тән ерекшеліктері бар.

 (Green School) Индонезияның Бали қаласына барып жатсаңыз, бұл мектепке міндетті түрде барыңыз. Себебі мектеп экология үшін алаңдайтын оқушыларға арналған. Мектеп табиғат аясында бамбук ағаштарынан салынған. Балалар мектеп қабырғасында емес, табиғатта серуендеп жүргендей болады. Мұнда баланы күштеп оқыту жоқ. Өз еркіңізде. Ең қызығы оқу-құралдан басқа барлық керек дүниелер бамбук ағаштарынан жасалған.

 (Vittra Telefonplan) Швеция, Стокгольм қаласында орын тепкен. Бұл мектеп кішкентай даншыпандарға арнайы салынған мектеп. Байқап тұрғандарыңыздай ішкі және сыртқы құрылысындағы дизайнерлік ерекшелік түстердің қанық әрі ашық болуында. Бұл жерде негізінен бала күнінен қабілеті бар, арнайы дайындықты қажет етпейтін оқушылар білім алады.

 (Gstaad International School) «Миллионер» оқушыларға арналған мектеп. Швейцариядағы ер балаларға арналған таңдаулы мектеп қабырғасы 2015 жылы бұрынғы аралас пансионның орнына қаланды. Мұндағы білім беру ақысы жылына ата-аналардың қалтасынан төленетін 90 мың франкті құрайды.Мектеп ғимараты мен кампус дәстүрлі швейцариялықтарға арналған биік таулы елдімекендер стильінде тұрғызылды және де сырттай қарағанда миллионерлердің саяжайы немесе қымбат қонақ үйді еске салады.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа