Ешкімге айтуға болмайтын алты құпия

Айналасына сүйкімді, басқаларға ісімен үлгілі болғысы келген оқушының ешкімге айтуға болмайтын өз құпиялары болуы керек. Бастапқыда құпия, кейін жария болатын жарқын істер кез-келген оқушыны жарқын болашаққа жетелейді. Сонымен:

Айтылмауға тиісті бірінші құпия: рухани жетілу туралы, материалдық байлық туралы айтпау. Рухани байлық тек сенікі ғана. Оны ешкімге айтып абырой жинай алмайсың. Материалдық жағдай да солай. Сыныптастар арасында өзіңнің дүниелік нәрселеріңді айтып, құр мақтанға салынба. Бұлай жасау шын білімдіге жараспайды.

Екінші құпия: қайырымды істер туралы ешкімге айтпау. Достарыңа, жақындарыңа әрдайым көмек қолын созып, жәрдемдесуге асық. Себебі, қайырымды іс – барлық адам жасай алмайтын жер бетінде сирек кездесетін құбылыс, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау керек. Және өзіңді жақсылық жасағаның үшін асыра мақтама. Мақтау адамды тәкәппарлыққа тез ұрындырады.

Үшінші құпия: келешекке құрған жоспар. Оқушы келешекке құрған жоспары толыққанды орындалмайынша ешкімге тіс жармауы керек. Адамның ойы бастапқыда әлсіз болып тұрады. Әлі жетілмеген ізгі ойды ойсыратып алуға болады. Есіңде болсын, үлкен жоспарлар үндемей жасалуы керек. Сонда ғана жемісті нәтижесін береді.

Төртінші құпия: жасаған ерлік, батырлық туралы үндемеу. Әр адам күнделікті түрлі оқиғаларды бастан кешіреді. Біреу білектің күшімен жеңіп жатса, біреудің ақылы асады. Күшпен жеңген адамның ерлігі тез бағаланады. Ішкі арпалысты ешкім байқай бермейді. Сондықтан ол үшін ешкім марапат бермейді.

Бесінші құпия: отбасылық өмір туралы үндемеу. Мектеп – тек білім алатын орын. Ол жерде басқа тақырыпты талқылауға жол жоқ. Үйден мектепке қарай бет алғанда артық әңгімелерді, еркелікті, басқа да жеке қасиеттерді аулада қалдырып кету керек. Отбасыңыздағы өмір туралы неғұрлым аз айтсаң, оның ынтымағы берік бола түседі.

Алтыншы құпия: ақылды, білімді болу және оны «мен сондаймын» деп өзгелерге айқайлап айтпау. Керісінше, үнемі оны ісіңмен дәлелдеп, басқаладың сүйіспеншілігіне бөлен! Сенің ақылды, білімді екеніңді өзің емес, өзгелер айтып, мақтансын. Сонда ғана мақтаншақ оқушы емес, абыройың асқақ оқушы боласың!

Айтылған алты құпияны өз өміріңе қажетіңше пайдаланып, әрдайым ерекше бол!

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа