Директор биографиясы
Қазыбаева Ұлжалғас Серікқызы — білікті педагог, білім беру саласының менеджері, Астана қаласы әкімдігінің «Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директоры.
Жеке мәліметтер және білімі
Ұлжалғас Серікқызы 1980 жылы 1 маусымда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Лесновка ауылында дүниеге келген.
Оның кәсіби білімі:
- 2000–2005 жж. — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
- 2020–2022 жж. — Ресей Федерациясының Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінде магистратураны аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі
Ұлжалғас Серікқызының жалпы педагогикалық еңбек өтілі 25 жылды құрайды. Ол өз мансабын қатардағы мұғалімдіктен бастап, мектеп басшысы деңгейіне дейін көтерілді:
- 2000–2002 жж.: Жаркент қаласы, №1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі.
- 2003–2005 жж.: Алматы қаласы, №103 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі.
- 2006–2007 жж.: Астана қаласы, №48 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі.
- 2007–2011 жж.: Астана қаласы, №54 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі.
- 2011–2022 жж.: Аталған мектепте директордың тәрбие ісі (2011-2016) және оқу ісі (2016-2022) жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
- 2022–2023 жж.: Астана қаласы, №31 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
- 2023 жылғы 19 қазаннан бастап: Астана қаласы, №54 мектеп-лицейінің директоры қызметіне тағайындалды.
Кәсіби біліктілігі
Ұлжалғас Серікқызы — өз саласының маманы, ағылшын тілі пәні бойынша «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына ие (02.10.2023 ж.). Сондай-ақ, ол басқарушылық қызметте екінші санатты басшы орынбасары біліктілігін растаған (2020 ж.).
Біліктілікті арттыру курстары:
- Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент (2023 ж.).
- Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару (2023 ж.).
- Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту (2022 ж.).
Қазіргі уақытта ол мектеп директоры қызметімен қатар ағылшын тілі пәнінен сабақ береді.
Мектеп директорының азаматтарды қабылдау кестесі
|
Қабылдау жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, қызметі |
Қабылдау күні мен уақыты |
Қабылдау мекенжайы, кабинет №, байланыс телефоны |
|
Казыбаева Улжалгас Сериковна |
Дүйсенбі Сәрсенбі Сағат 16:00 дан 18-00-ға дейін |
Астана қ., Ш. Иманбаева көшесі, 4 үй, Қабылдау бөлмесі: 1 қабат |




