?«Қияли» Оралхан Бөкей. Барлық адам кішкене кезінде тезірек өссем ғой деп ойлайды. Ал бұл әңгіменің қияли кейіпкері жігіт болғанда да кәрі апасының омырауын сорғылап, әскерге апамды алып кетемін деп қиғылық шығарған. Сол секілді "ғажап" әлемде ғұмыр кешкіңіз келсе, оның қияли ғаламына бірер минутқа саяхаттап келіңіз.
?«Жалғыз» Шерхан Мұртаза. Ақ боранда ажалмен арпалысқан Кәріпхан мен Ержан. Есеңгіреп радио-рациясымен сөйлескен Әсемай. Немересін қасқыр сүйегінің сорпасына шомылдырып, ғажайыпқа тап болған Нұрхан қарт. Бәрі шағын әңгімеге сыйып кеткен.
?«Соңғы жапырақ» О.Генри. Өмір үшін күрес, жақсылық пен сенім туралы мотивациялық әңгіме.
?«Жабай алма» Сайын Мұратбеков. Оқырманды кейіпкерлерімен бірге қиналтып, бірге қуанышқа бөлейтін әңгіме. Автор итті образдау арқылы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, жығылмас төзімін сипаттайды.
?«Сөз» Владимир Набоков. Бұл жазушының нағыз жұмбақ-әңгімесі. Күн сәулесі мен үміттен өріліп жазылған хикаяны оқыған әрбір адам өзінің жандүниесіне жақын ерекше бір сөзін табады.
?«Оң қол» Төлен Әбдіков. Он минут қисаңыз, басқа он минуттардың қалай өтіп кеткенін аңғармай, бір отырғанда бас ала алмай қалатын шығарма іздесеңіз, осы туындыны оқыңыз.
?«Қарапайым ертегі» Алан Млин. «Винни-Пуxты» дүниеге алып келген автордың бұл шығармсын қарапайым ертегі деп айтуға келмес. Себебі, бұл иллюзия, сиқыр туралы таңғажайып әңгіме.
?«Үшеуінің қайсысы» Антон Чехов. Махаббат қаласына аттанғанда бақыт көшесіне тұрақтауыңыз бірге саяхаттаған жолсерігіңізге байланысты. Оны талғампаздықпен, он ойланып, мың толғанып таңдау керек. Сіз де осындай таңдау арасында тура жолды таба алмай жүрсеңіз, әңгімені оқуға он минут бөліңіз.
?«Ақ пілдер» Эрнест Хемингуэй. Эрнест Хемингуэй бұл шығармасында xикаяны оқырмандарына өмірлік мәні бар тақырыптарды қысқа да нұсқа, шытырман оқиғалы етіп жеткізеді.
?«Зомби» Харуки Мураками. Жігіт пен қыз үйленуге шешім қабылдады. Ал той белгіленген уақытқа бір ай қалғанда жігіт ойы өзгеріп, қызының бойынан мінін тере бастаса қалай болады? Оқиға қалай өрбіп, қалай аяқталарын білгіңіз келсе, әңгіменің аударма нұсқасын оқып көріңіз.